Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы
Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 158 шешімі
Осы редакция 2010 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2010-2012 жылдарға арналған Талдықорған қалалық бюджеті 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2010 жылға мынандай көлемдерде бекітілсін:
1) Кірістер - 9285523 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 665570 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 93251 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 51869 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 8474833 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер - 2638160 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері - 2560236 мың теңге;
облыстық бюджеттен субвенциялар - 3276437 мың теңге;
2) шығындар - 9534367 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2679 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) - - 251523 мың теңге;
6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 251523 мың теңге;
қарыздар түсімі - 251523 мың теңге.
2. Қалалық бюджетте 2010 жылға дамытуға нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы - 299602 мың теңге;
сумен жабдықтау жүйесін дамыту - 183132 мың теңге;
білім беру объектілерін салу және реконструкциялау - 1325985 мың теңге;
инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру - 638305 мың теңге;
көлік инфрақұрылымын дамыту - 113212 мың теңге;
ағымдағы нысаналы трансферттер:
мектептерді ұстау - 716388 мың теңге;
салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу - 1969 мың теңге;
ауылдық елді мекендер саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру - 378 мың теңге;